"KazNRTU Sandyk" жүйесі туралы
Ашық күйдегі құжаттар
саны
3254
Қолданушылар
саны
5071 (810)
Тексерілген құжаттар
саны
47409
Орташа
бірегейлік
81.33%
Ресурстардың жалпы
саны
7610
Әйгілі құжаттар
«ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС кернеуі 110/35/10кВ қосалқы станциясының электр бөлігін есептеу және резервті қорек көздерін автоматты қосу +
Дипломдық жұмыста «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің қосалқы стан-циясының электр бөлігін есептеу және резервті қорек көздерін автоматты қо-су мәселелері қарастырылған. Негізгі бөлімінде электрлік жалғану схемлаары таңдалып, электр қон-дырғылардың таратушы құрылғыларының схемаларына қойылатын негізгі талаптар қарастырылған, қысқа тұйықталу токтарын есептелді, 110/35/10кВ қосалқы станциясына жоғары вольтты аппатарура таңдалды: өзіндік қажет-тіліктер трансформаторлары, жоғары вольтты ажыратқыштар, шиналық өт-кізгіштер, ток және кернеу трансформаторлары. Арнайы бөлімінде резервті қорек көздерінің автоматты қосылу мәселе-лері қарастырылды, БМРЗ04 микропроцессорлық комлексінің жұмыс істеу принципі қарастырылып, осы комплекстің әрекет ету тағайыншамасы есеп-телді. Экономикалық бөлімде 110/35/10кВ қосалқы станцияны құру бары-сында капиталды салымдар есептелді, экономикалық тиімділігі мен экономи-калық көрсеткіштері, еңбек ақысын төлеу және энергетикалық қызметті ұй-ымдастыру мәселелері қарастырылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінде өрт қауіпсіздігі, электрмаг-ниттік өрістерден және шуылдан қорғаныс, жерге қосуды есептеу мәселелері қарастырылған.
Басылым күні: 2015-03-27
Жүктеген: Дүрімбетов Зұлхарнай Үсенұлы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-10135
Обьектілі-бағытталған программалау+
Мәліметтердің графикалық түрде компьютер мониторында көрсетілуі алғаш 50-ші жылдардың ортасында, ғылыми және әскери зерттеу жұмысына қолданылған үлкен ЭЕМ үшін іске асырылған. Содан бері графикалық тәсіл мәліметтерді бейнелеудің ажырамас қажеттілігіне айналды. Программалы-аппараттық есептеу кешені көмегімен әдістерді және бейнелерді өңдеуді үйрететін ақпараттанудың арнайы облысы бар – ол компьютерлік графика. Ол көріністі бейнелеудің сыртқы тасушы түрінде немесе монитор экранынан болсын адамдар қабылдау үшін қол жетімді барлық түрін жаулап алды. Компьютерлік графикасыз компьютерлік қана емес әдеттегі нақты өмірді де көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Сейдуаханов Б.
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-5742
Алматы аграрлық колледж жағдайында (мамандығы 0601000) техник стандарттау бойынша дайындау жүйесі+
Димпломдық жұмыста «Алматы аграрлық колледжі» жағдайында техник стандарттау мамандарын дайындау жөнінде қарастырылған. Стандарттау, метрология және сертификаттау ұғымына қысқаша түсініктеме берілген. Мамандарды дайындаудың негізгі жалпы ұлттық мақсаттары, бітірушілердің білімділігіне, деңгейіне, білім беру ортасына қойылатын талаптар, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуге, жаңартуға (өзгертуге, түзетуге) қойылатын талаптар айқын келтірілген. 06010000- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны кестемен көрсетілген. Экономика бөлімінде өлшуіш құралдарының, нормативтік құжаттарды сатып алудың және еңбекақының жылдық қорын есептеуі жүргізілген. Қауіпсіздік және еңбектi қорғау бөлiмде мамандарды дайындауда өндірістік санитария, микроклимат жарықтандыру электр қауіпі, шу мен дірілдің зияндары анықталынған.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Болатова Аяулым Болатқызы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-4251
Мұнай газын тазалау үрдісін автоматтандыру (ТСО ЖШС негiзiнде)+
Берілген дипломдық жобаға келесі бөлімдер кіреді: технологиялық, арнайы, есептеу, экономикалық, сонымен қатар еңбек қорғау бөлімі. Дипломдық жобада мұнай газын тазалау үрдісін автоматтандыру жүйесі (ТСО ЖШС негiзiнде) қарастырылды. Жобаның негізгі міндеті мұнай газын күкірт сутектен, сульфид карбонатынан және көмір қышқыл газынан тазалау үрдісінің автоматтандырылуын зерттеу. Технологиялық бөлімде мұнай газын тазалаудың технологиясы және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері келтіріледі. Арнайы бөлімде хемосорбция үрдісі басқару объектісі ретінде қарастырылады. Осыдан барып басқару есебінің қойылымы жасалған. Математикалық модель өңделген және үрдістің тиімді технологиялық режимі есептелген. Ал одан кейін қазіргі уақыттағы өндіріс орнының автоматтандырылу деңгейі сипаттай отырып, жүйені ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету үшін бірнеше талаптар қойылған. Экономикалық бөлімде робаттандырылған өңдірістегі экономикалық тиімділігі және өтеу мерзімінің есептелуі қарастырылған. Еңбек қорғау бөлімінде өндірістік қауіпсіздіктің және зиянды факторлардың анализі орындалған, кездейсоқ жағдайлардан қорғаумен қамтамасыз ететін шаралардың жазбасы келтірілген.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Орынбасар М.С.
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-3406
Д.Ж Аныкталмагандык жагдайындагы динамикалык баскару жүйелері+
Адамзаттың кез-келген нәрсені басқаруға ұмтылысы ежелден келе жатыр. Ал кез-келген нәрсені басқару үшін, оны алдымен зерттеу керек. Ол туралы толыққанды ақпарат алу керек. Сол ақпаратың негізінде басқаруға қалай қол жеткізетінімізді түсінеміз. Осы талаптармен қатар модел жасау процесі де ежелден келе жатыр. Бертін келе осы моделдердің математикалық түрде өрнектелуі кең қолданыс тапты. Оларды математикалық модел (ММ) дейміз. ММ-дің дәл, сәйкес келуі объект турасында жиналған ақпаратқа байланысты. Егер ақпаратымыз толық болса, ММ де процесімізді жақсы сипаттайды. Бірақ, көп жағдайда объектіні зерттеу кезінде анықталмаған жағдайлар жиі кездеседі. Соның салдарынан объект толық зерттелмей, оған құралған модел де объектіні толық сипаттай алмайды. Сондықтан, оны басқару да үлкен де күрделі мәселелердің біріне айналады. Өйткені, басқарудың классикалық әдістері бұл ретте нашар нәтиже береді немесе тіпті нәтиже бермейді. Осы ретте анықталмағандықты жою үшін әртүрлі жолдар қарастырылады. Бұл дипломдық жұмыста анықталмағандыққа сипаттама, анықтама беріледі, олардың түрлері ажыратылады. Сондай-ақ, оларды шешу жолдары қарастырылады. Олармен жұмыс істейтін аппараттарға да ақпарат беріледі. Бұл жұмыста анықталмағандық мұнайды өңдеу процесі арқылы қарастырылады. Объект ретінде Атырау Мұнай Өңдеу зауыты алынып, оған толық сипаттама беріледі.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Шайхиев Нурлыбек Есенбекович
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2995
Алматы аграрлық колледж жағдайында (мамандығы 1514000) экологты дайындау жүйесі+
Бұл дипломдық жұмыста эколог мамандарды оқыту, дайындау әдістері көрсетілген. Эколог мамандарды оқыту шеберінің жалпы дайындығына қойылатын талаптар туралы баяндалады. Алматы аграрлық колледжінің білім беру жүйесі және тарихы айтылған. Экономика бөлімінде колледждің капиталдық шығындары, оқытушылар мен жұмыскерлердің жалақы мөлшері қарастырылған. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінде қауіпсіздік қызметі ережесінің сақталуы, еңбек шарттары туралы көрсетілген.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Бердімұратова Дидар Ибрагимқызы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2798
Оптикалық шешімдерді қолданып, қалалық масштабтағы желілерді құру тәсілдері+
АҢДАТПА Берілген бітіру жұмысында оптикалық шешімдерді xPON технологиясын қалалық масштабта құру тәсілі қарастырылды. Жұмыста PON технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды, PON технологиясының түрлері, топологиялары да қарастырылды. Техника-экономикалық бөлімінде желінің ұйымдастыруына бөлінетін капиталдық шығындарына есептеу жүргізілген. Өміртіршілік пен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.
Басылым күні: 2015-05-11
Жүктеген: Бектас Олжас Талғатұлы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2752
Алматы қ. автокәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігі қызметі жұмысын жетілдіру+
Дипломдық жұмыс барысында қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің кабинетін жабдықтау және автопарк бағыттарындағы жол жағдайын зерттеу жұмыстары жүргізілген. №3 автопаркі бойынша жол көлік оқиғаларына статистикалық талдау жүргізіліп, № 92, № 106 маршруттар бойындағы авариялар болған орындар мен оның себептері анықталған. Сондай-ақ осы маршруттардағы қозғалыс жылдамдығы мен кідірістерге зерттеу жасалынған. Алматы қаласының №3 автопаркі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қызметін ұйымдастыру шаралары ұсынылған. Ұсынылған іс-нараларының экономикалық тиімділігі есептелген. Аппаттан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдар мен аспаптар қарастырылған.
Басылым күні: 2015-04-01
Жүктеген: Конашова Айзада Берікқызы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2743
3D Studio Max ортасында жарнамалық видеоролик жасау+
Дипломдық жобаның мақсаты – 3D Studio Max бағдарламасын қолдана отырып жарнамалық видеоролик жасау.Үш өлшемді кеңістіктегі бейнелерді қозғалысқа келтіріп, сонымен қатар жалпы қолданушыларға арналған шағын бейнероликті өңдеу болып табылады. Жобада 3D Studio Max программасында «Қ.И Сәтпаев атындағы қақақ ұлттық техникалық университетінің Қазақ-Корей IT орталығын жарнамалау» атты роликтің жасалуы жүзеге асырылды. Дипломдық жобаны 3D Studio Max , Adobe After Effects, Blender және басқа да бағдарламаларды пайдалана отырып жасадым. Бұл дипломдық жоба кіріспеден, пәндік саланы модельдеу, жобалау, пайдаланушы интерфейстен тұрады. Сонымен қатар, бұл дипломдық жобада экономикалық және еңбек қорғау бөлімдері де қарастырылған.
Басылым күні: 2015-04-29
Жүктеген: Барлықбекова Жанат Жанболатқызы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2475
Өлшеу қателіктерін кеміту әдістері+
Осы дипломдық жұмыста өлшеудің жалпылама түсініктері, өлшеудің жоспарлаудың және өлшеуді ұйымдастырудың жалпы сұрақтары, өлшеу қателігін төмендету әдістері, электрлік емес шамалардың өлшеу түрленгіштерінің сыныптамасы келтірілген. Біршама кеңінен пайдаланылатын электрлік емес шамалардың бірінші түрленімі, олардың әрекеттерінің мақсаттары, құрылымы, сипаттамасы және пайдалау аумағы сипаттамасы қарастырылған.
Басылым күні: 2015-04-29
Жүктеген: Ангарбеков Асхат Даулетханұлы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2306
3D-анимация жасау+
Бұл дипломдық жобада анимациялық фильм жасалынған. Жобаны жасау құралы 3DS Max графикалық пакеті болып табылады. Жұмыс үрдісінде персонаждардың, сәулет объектілерінің және 3D-көрініс үшін басқа объектілер жасалынған. Моделдеу әдістері пайдаланылып, жарық қою принциптері мен визуалдау алгоритмдері қарастырылған. Финалдық визуалдау нәтижелері растрлық бейнелер және видеоролик түрінде берілген.
Басылым күні: 2015-04-09
Жүктеген: Тұрсынова Н.
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2261
телекоммуникация пәндерін оқыту әдістері+
АҢДАТПА Берілген дипломдық жұмыста телекоммуникация пәндерін оқыту әдістері қарастырылған.Бірінші бөлімдекәсіптік оқытудың теориялық негіздері келтірілген. Пәндердің ішінен телекоммуникация негіздері пәні таңдалған және оқыту әдістері көрсетілген. Есептеу бөлімінде телекоммуникация пәндерінің негізгі параметрлері: дискретті хабарлар көзінің негізгі сипаттамалары және сигналдың амплитудасы есептелген. Сондай-ақ, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері қарастырылған, кәсіпорын орналасқан жерде электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері және жасанды жарықтану параметрлерін есептеу орындалған. Экономикалық бөлімінде жалпы қолдану шығындары есептелген. .
Басылым күні: 2015-05-02
Жүктеген: Бауржанов Данияр Бауржанұлы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2237
Полимерлік битумдық композиция+
Дипломдық жұмыс бес тараудан тұрады: - әдеби шолу; - зерттеу обьектілерімен әдістері; - тәжірибелік бөлім; - экономикалық бөлім; - қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлім; Осы дипломдық жұмыста Батыс Қазақстанның Мұнайлы-Мола кен орнының мұнайы қарастырылған. Тәжірибелік тарауда өндеу объекттері, битумды өндіру тәсілі жайлы мәліметтер және өндірудің жобалық және тәжірибелік көрсеткіштері келтірілген. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы тарауында қоғамның қауыпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеті туралы айтылған. Қоршаған ортаны қорғау және экология тарауында қоршаған ортаға мұнайдан битумды алудың әсері,тиісті сақтану шаралары мен қоршаған ортаны қорғау жайлы мәліметтер келтірілген. Экономикалық тарауында мұнайбитумның техникалық-экономикалық есебі көрсетілген және де осы жобаның тиімділігі есептелінген.
Басылым күні: 2015-04-13
Жүктеген: Қасымханов Айбек Бекенұлы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2149
Oracle платформасында клиенттік қосымшалар құру+
Бұл дипломдық жобада жоғары оқу орнының оқытушыларына арналған клиенттік қосымша құрылған. Ақпараттық жүйе Oracle ДҚБЖ (дерекқорларды басқару жүйесінде) жасалған дерекқор және Oracle Application Express бағдарламалық ортасында құрылған клиенттік қосымша құрайды. Дипломдық жобаны жазу барысында ақпараттық жүйенің архитектурасын, ДҚ құрылымын және клиенттік қосымшаны жасау жұмыстары жүргізілген. Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс бөлмесіндегі жасанды жарықтандыру жүйесінің есептері келтірілген. Экономикалық бөлімде енгізілген жүйеден алынған экономикалық шығындар мен пайданы есептеу жүргізілген.
Басылым күні: 2015-05-02
Жүктеген: Ауғанбаева Дәрия Сатыбалдықызы
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2096
Крытый спортивный комплекс в городе Алматы+
Аннотация Настоящий проект «Крытого спортивного комплекса в городе Алматы» разработан на основании действующих строительных норм и правил, задания на проектирование и согласовано с руководителем дипломного проекта. Перед началом проектирования были изучены и проанализированы все современные аналоги спортивных комплексов. Спортивный комплекс расположен в развивающемся районе города Алматы по проспекту Аль-Фараби, на пересечение улицы Ходжанова, и задуман стать местом досуга основной части населения нового района. На обширном участке предусмотрены зоны парковок и озелененная парковая зона вокруг здания. Здание в плане имеет овальную форму, фасад подчеркнут декоративными колоннами, которые плавно перетекают на крышу здания. Динамично развивающийся фасад подчеркивает отношение здания к спорту так как спорт это – движение и динамика человека. Крыша здания обильно оборудована солнечными панелями ориентированных на юг которые обеспечивают здание электроэнергией. В планировке предусмотрены универсальная арена на которой можно проводить соревнования по разным видам спорта как зимним так и летним, зона посетителей с прилегающими пунктами питания и развлечения, зона спортсменов с раздевалками и медицинским пунктом также зоны для прессы, технические и подсобные помещения, зоны для VIP посетителей, фитнесс центр. Конструктивная схема здания имеет смешанный тип. Фундамент – ленточный, внутренний каркас железобетонный, оболочка здания металлический каркас, придающий нужную форму здания, перекрытия металлическая ферма. Жалпы сипаттама. Осы "Алматы қаласындағы жабық спорт кешен " жобасы, тапсырмалар жобала- бойынша қолданыстағы құрылыстық шаманың және жөн-жосықтардың әзірле- және дипломдық жобаның бастығымен келісімді. Алдым түп жобала- таныс- және сарала- спорт кешеннің барлық қазіргі аналогтері болды. спорт кешен ша Әл-Фарабинің даңғылының ара Алматы қаласының дамы- ауданында пейілді, на көшенің Хожанованың қоспасына, қарамастан және ойдағыдағы стать жаңа ауданның халқының негізгі бөлігінің бос уақытының жерімен. Аумақты телімде парковок зоналары және жасылдандыр- парктің зона вокруг ғимараттың көзделген. Ғимаратта жоспарда сопақ пішін имеет, қасбет байсалды ғимараттың шатырына деген перетекают декоративтік қатар-қатар асты сызылған. Динамикалық дамы- қасбет ғимараттың қатынасын спортқа себебі спорт сол астын сызады - қозғалыс және адамның серпінділікі. Ғимараттың шатыры мол жайма-шуақ панельтермен оңтүстікке деген ориентированных жабдықта- нешінші ғимаратты электроэнергией қамсыздандырады . ара жоспарла- көзделген әмбебап алаң бас нешіншіде жасау болады жарыстар ша спорттың бөлек-бөлек көріністеріне как қысқы олай және жазбен, келушінің зонасы мен нәрдің және тамашаның іргелес пункттарымен, спортшының зона мен раздевалками және медициналық пункт да зона үшін баспасөз үшін, техникалық және қосалқы бөлме, зона үшін келуші VIP, фитнесс орталық. Ғимараттың сындарлы нобайында дүрегей үлгі имеет. Негіз - темірқұйматас таспа, ішкі қала, ғимараттың тысының ғимараттың керек пішінін сомдайтын бақыр қала, аражабындар бақыр ферма. Abstract. This project " Covered sports complex in Almaty " is developed on the basis of current building regulations , the design assignment and agreed with the head of the graduation project. Before starting the design were studied and analyzed all the modern analogues sports complexes . The sports complex is located in a developing area of the city of Almaty on Al-Farabi Avenue , at the intersection of streets Khodzhanov and conceived to be a place of leisure of the general population of the new district . On the site there are vast areas of parking and plot park around the building. The building plan is oval in shape , facade emphasize decorative columns that flow smoothly into the roof of the building. Dynamic building facade emphasizes the attitude of the sport since the sport is - human motion and dynamics . The roof of the building is equipped with solar panels liberally oriented to the south that provide electricity to the building . The floor plan provides universal arena where you can hold competitions in various sports such as winter and summer , the area surrounding visitors with food items and entertainment area athletes with changing rooms and medical station and areas for the press, technical and auxiliary facilities , areas for VIP visitors , fitness center . The structural layout of the building has a mixed type . Foundation - belt , internal frame of reinforced concrete , the building envelope metal frame , which gives the desired shape of the building , covering the metal truss .
Басылым күні: 2015-04-14
Жүктеген: Идекеева Молдир Сеитжановна
Дипломдық жұмыс
Жүктелу-2051